×
472.68
466.91
8.01
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
472.68
466.91
8.01

Ақтөбеде мас күйінде көлік жүргізген бойжеткен түрмеге қамалды

24.07.2022, 22:25

Ақтөбеде көлік жүргізу куәлігінен айырылған 29 жастағы қыз мас күйінде рөлге отырғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды жергілікті Диапазон басылымына сілтеме жасаған Ulysmedia.kz

«Тойота Ланд Крузер Прадо» көлігін тізгендеген бойжеткеннің жүргізуші куәлігі де жоқ болып шықты. Ол 2020 жылы жол ережесін өрескел бұзғаны үшін жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған.

Бұл жолы бойжеткен есірткі шегіп, көлік рөліне отырғаны үшін қылмыстық жазаға тартылды. Сот оны екі жылға бас бостандығынан айырып, көлік жүргізуге өмір бойы тыйым салды. 

Сотта сөз алған бойжеткен көлік анасына тиесілі екенін айтып, өзін түрмеге тоғытпауды сұраған. Алайда, оның бұл тілегі орындалған жоқ. 

Сондай-ақ, бойжеткеннің алкоголь сататын дүкендерге баруына да тыйым салынды.