×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Түркия үкіметі Қазақстан халқына көңіл айтты

12.06.2023, 08:41
Түркия үкіметі Қазақстан халқына көңіл айтты
фото: ашық дереккөзден

Түркия Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Абай облысындағы өртте адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Анадолыға сілтеме жасап.

«Абай облысында 14 орманшының қазасы туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадық. Қазақстанның дос әрі бауырлас халқына және үкіметіне көңіл айтамыз», - делінген ведомствоның Twitter-аккаунтында.

Еске салайық, 8 маусымда “Семей орманы” аумағында өрт  тұтанған болатын. 9 маусым күні кешке қарай оның аумағы 60 мың гектарға дейін ұлғайып үлгерді. Осыған байланысты Семей қаласында төтенше жағдай жарияланды.

Абай өңірінде ел тарихындағы ең ірі өртке байланысты Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Юрий Ильин қызметінен босатылып, жаңа министр тағайындалды. Абай облысының әкімі өз міндетін дұрыс атқармағаны үшін сөгіс алды.

Өртпен арпалысып жүріп 14 адам қаза тапты. «Семей орманы» Новошульба филиалының 14 қызметкерінің фотосуреттерін Экология министрі Зүлфия Сүлейменова жариялады. Мемлекет басшысы шетелге сапарынан бас тартып, өңірге арнайы барып, қаза тапқан орманшылардың отбасына көңіл айтты.

Қаралы қайғыға байланысты 12 маусым елімізде Аза тұту күні болып жарияланды.