×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Шымкентте жылу мекемесіне 20 млн теңге айыппұл салынды

12.06.2023, 13:18
фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласының прокуратурасы және ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «Қуатжылуорталық-3» МКК-на қатысты бірлескен тексеріс жүргізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тексеру қорытындысы бойынша, 251 тұтынушыларға қолжетімділікті ұсыну барысында «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптары өрескел бұзылғаны анықталды.

«Қуатжылуорталық-3» МКК 171 тұтынушыға үлгілік нысанға сәйкес келмейтін техникалық шарттар берген, сонымен қатар 80 тұтынушының техникалық шарттарды алуға өтініштерін қарау және бас тарту жағдайында қарау мерзімін бұзған. Осылайша, «Қуатжылуорталық» МКК Табиғи монополиялар туралы заңының 26-бабының 2-тармағының 4) тармақшасының талаптарын бұзды», – делінген Табиғи монополияларды реттеу комитетінің хабарламасында.

Нәтижесінде, кәсіпорынға Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 164-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 700 000 теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза белгіленді.

Серіктес жаңалықтары