×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Қазақстанда вейптерге қашан тыйым салынады

12.06.2023, 15:36
wikimedia.org

Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында премьер-министр Әлихан Смайыловтың елімізде вейп-өнімдер айналымына қашан тыйым салынатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қазіргі уақытта Үкімет вейп-өнімдерді таратуға шектеулерді күшейту мәселесін қарастыруда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша 33 елде никотинді тұтынудың электрондық жүйелері мен вейптерді сатуға тыйым салынған. Олардың қатарында Дания, Норвегия, Уругвай, Аргентина, Панама, Бразилия, Мексика, Канада, Тайланд, Үндістан, Гонконг, Сингапур, Малайзия, Филиппин, Ливан, Катар, Оман, Иордания бар. Сондай-ақ 79 елде бұл өнімдерді қоғамдық орындарда пайдалануға, оларды жарнамалауға, насихаттауға және демеушілікке тыйым салатын немесе қаптамада денсаулыққа зиян екендігі туралы ескертулерді көрсетуді талап ететін кем дегенде бір ішінара шара қабылданған», - делінген Смайыловтың жауабында.

Премьер-министрдің дерегінше, вейп-өнімнің айналымына тыйым салу нормативтік құқықтық актілерге түзетулер енгізуді көздейді.

«Құқықтық актілер туралы» Заңның 19-бабының 3-тармағына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер жобаларына қатысты Кәсіпкерлік кодекс белгілеген жағдайларда және тәртіппен реттеушілік әсерге талдау жүргізіледі. Осы жылғы 31 мамырда мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, азаматтық қоғам мен бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жанындағы Сараптама тобының отырысы өткізілді. Онда вейп-өнімдерді таратуға шектеулерді күшейту бойынша түрлі ұсыныстар қаралды. Қазіргі уақытта вейп-өнімнің айналымына толық тыйым салуды көздейтін норма реттеушілік әсерге талдау рәсімінен өтуде. Үкімет осы норманы қолдайды. Реттеушілік әсерге талдау қорытындысы бойынша кодекске түзетулер ұсынылатын болады», - деді Әлихан Смайылов.

Айта кетейік, бұдан бұрын Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстанда неліктен вейпке тыйым салынбай отырғанын түсіндірген.

Серіктес жаңалықтары