×
479.42
467.91
8.21
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
479.42
467.91
8.21

Азық-түлікке жауапты министрлер әйелімен дүкенге бара ма

26.07.2022, 12:59
Коллаж: ulysmedia.kz.

Азық-түлікпен халықты қамтамасыз етуге, оның бағасын реттеуге жауапты министрлер – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев әйелімен бірге дүкенге бара ма? Бұл сұрақ бүгін шенеуніктерге Орталық коммуникациялар қызметінде қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Әлбетте, отбасылы адамдар ретінде біз үйде де азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз керек. Демалыс күндері уақыт болғанда дүкендерге, базарларға барамын. Әр отбасының өз таңдауы бар шығар. Мәселен, күріш керек кезде қымбатырақ ет алуға тура келеді (?) Әлбетте, саудаға барамыз. Бағалардың қандай екенінен хабарымыз бар. Егер азық-түлік себеті туралы айтар болсақ, әрине, ол өсті. Инфляция оған куә. Азық-түліктің кейбір түрі бойынша инфляцияны байқаймыз. Бағалардың өсіп бара жатқанын көріп отырмыз», - деді алдымен Бақыт Сұлтанов.

Министр солай дегенмен бағаның нақты қанша көлемде өскенін, қымбатшылық басталғалы есеп қалай өзгергенін айтып бере алмады.

«Әр демалыста тек өзім ғана шықпаймын ғой. Сол себепті керек болса сандарды сіздерге жеке жөнелте аламыз», - деді ол.

Ал Ербол Қарашөкеев болса әйелімен дүкенге баруға уақыты болмайтынын айтты.

«Ары кетсе бір немесе екі айда бір рет  дүкенге отбасымен бірге баратын шығармын. Тек айтарым, біз тек ылғи Қазақстанда өндірілген азық-түлікті сатып аламыз. Әлбетте, бағаның белгілі бір деңгейде өскені сезіледі. Бірақ былтырмен салыстырғанда биыл картоп мен сәбіз бағасы тұрақты болды. Министрлік қолға алған іс-шаралардың арқасында аталған өнім түрлері жөнінен ешқандай дүрбелең туған жоқ», - деді Қарашөкеев.