×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Оралда балалар мінген автобус жанып кетті

13.06.2023, 15:02
видеодан кадр

Орал қаласында балаларды алып бара жатқан автобус жанып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін Г. Бельгер көшесінде болған.

«Сағат 12.40-та Г. Бельгер көшесіндегі 114-үй тұсында «ПАЗ» жеке автобусы отқа оранды. Тілсіз жау сағат 13.09-да оқшауланып, 13.14-те ауыздықталды. Адамдар аман. Оқиға орнында 6 адам (1 техника) жұмыс істеді. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде», - деп хабарлады ведомстводан.

Оқиға куәгерлерінің сөзіне қарағанда, автобус балаларды алып келе жатқан. Барлығы шығып үлгеріпті. Өртеніп жатқан автобустың видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Желі қолданушылары көлікте мектеп лагеріндегі оқушылар болғанын және олардың киноға бара жатқанын жазған.

Серіктес жаңалықтары