×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Қазақстанда жер иелері туралы деректер қоғам үшін неге ашылмайды

14.06.2023, 12:57
Коллаж: Ulysmedia.kz

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек жер кадастрінің жер иелері туралы ақпараты қоғам үшін ашылмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Депутаттың сөзінше, оның заң жобасы төрт рет дауысқа салынған.

”Бүгін, өзімнің Заңнама және сот құқықтық реформа комитетінде заңсыз шығарылған активтерді қайтару туралы заң жобасы аясында менің мемлекеттік жер кадастрінде жер иелері туралы ақпаратты қоғам үшін ашу туралы Жер кодексінің 158 бабына ұсынған ұсынысым бойынша соңғы 4 -ші дауысқа салу болды. Алғашқы дауысқа салынған кезде ұсынысымды әріптестерім қолдау көрсеткен еді. Өкініштісі, Үкіметтін түсініксіз, негізсіз теріс қорытындысы шығып, оның нәтижесінде бүгін Комитет жиналысында осы себеппен кабылданбай қалды”, – деді Бақытжан Базарбек.

Мәжілісмен мұны жеңіліс деп есептемейтінін айтып, мемлекеттік жер кадастрінің ақпараты, әсіресе олигархтар мен шенеуніктердің атында рәсімделген жерлер бір күні қоғам үшін, халық үшін ашылатынына сендірді.

Айта кетейік, бұдан бұрын Бақытжан Базарбек депутат болғалы үкімет мүшелеріне бес рет депутаттық сауал жолдап, сол сауалдардың екеуіне жауап алғанын мәлімдеген. Алайда мәжілісменнің екі жауапқа да көңілі толмайды.

Серіктес жаңалықтары