×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ресейден авиаотын импорттауға неліктен тыйым салынды

14.06.2023, 14:35
Ресейден авиаотын импорттауға неліктен тыйым салынды
inbusiness.kz

Энергетика министрлігі Ресей Федерациясынан авиакеросин импортына неліктен тыйым салынғанын түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қазақстандық әуежайлардың қажеттілігі үшін Ресей Федерациясынан авиакеросин импортының артық болуына байланысты 420-дан астам вагон–цистерна немесе 25 мың тонна Алматы қаласы маңындағы теміржолда және 100-ден астам вагон немесе 6 мың тонна Астана қаласы маңындағы теміржол бойында тұр», – делінген ведомство таратқан хабарламада.

Сонымен қатар министрлік ауа температурасы 20-30 градустан жоғары болған жағдайда өрт қаупі барын ескертіп отыр.

«Сондай-ақ авиакомпаниялар мен әуежайлардан жөнелту туралы өтінімдердің болмауына байланысты мұнай өңдеу зауыттарында өнімнің артық болуы және қайта өңдеудің төмендеу қаупі бар. Осыған байланысты, 8 маусымда министрлік «Қазақстан темір жолы» АҚ-ға жағдайды қалыпқа келтіргенге дейін Ресей Федерациясынан авиаотын әкелуге конвенциялық тыйым салу туралы хат жолдады», – дейді министрліктен.

Айта кетейік, бұған дейін Ресейден авиаотын импортына бір айға тыйым салынғаны хабарланған болатн.