×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Алматы облысында 3,5 мың гектар жайылымдық жер олигархқа заңсыз берілген

16.06.2023, 11:22
Алматы облысында 3,5 мың гектар жайылымдық жер олигархқа заңсыз берілген
facebook

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында 3500 гектар жайылымдық жер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бас прокуратура мәліметінше, аталған жерлер 2017 жылы Форбс тізіміндегі белгілі кәсіпкерге шалғайдағы (маусымдық) мал шаруашылығына арналған жерлер құрамынан шығару жолымен заңсыз берілген.

“Қазіргі уақытта үшінші тұлғаларға жерді қайта беру фактілерін болдырмау мақсатында аталған жерлерді жергілікті тұрғындар үшін қоғамдық жайылымдарға беру бойынша жұмыстар жүргізілуде”, – деп мәлім етті ведомство.

Сонымен қатар, жыл басынан бері жоғары лауазымды тұлғалар мен ірі бизнесмендерге тиесілі 26,8 мың га жер, кадастрлық құны 714 млнтеңге мемлекет пайдасына қайтарылды.

Бұл жерлер жылдар бойы мақсатына сай пайдаланылмаған, жемшөп дақылдарын өсіру жүзеге асырылмаған, осы шаруашылықтардың балансында ауылшаруашылық жануарлары да болмаған.

Ал бұл уақытта басқа адал фермерлер егістік және жайылымдық жерлерге өте мұқтаж болған.

Айта кетейік, бұдан бұрын СҚО-да 172 млн теңгенің жер телімі мемлекетке қайтарылған болатын.