×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Қаңтар оқиғасында зардап шеккен алматылық кәсіпкерлерге қанша өтемақы төленді

16.06.2023, 12:19
Қаңтар оқиғасында зардап шеккен алматылық кәсіпкерлерге қанша өтемақы төленді
dknews.kz

Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен 1640 кәсіпорынға 16,2 млрд теңге сомасында өтемақы төленген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Асқар Әмрин мәлім етті.

Оның айтуынша, кәсіпорындардың 95%-ы төлемдерді қысқа мерзімде -– 2023 жылдың 1 маусымына дейін алды. 

"Қаржының бір бөлігі "Жаңа Алатау" қорынан бөлінді – олар 1 294,8 млн теңгеге 636 өтінімді қайтаруға көмектесті. Ал  бюджет қаржысы есебінен 14 899,5 млн теңгеге 1 011 өтінім қанағаттандырылды", – деді Әмрин мәслихаттың VI сессиясында сөйлеген сөзінде.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қаңтарда қиратылып, өртелген Алматы әкімдігінің ғимараты қашан жөнделіп бітетіні айтылған.