×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Ақсудағы ферроқорытпа зауытының қызметкерлері қылмыстық топ құрған

17.06.2023, 08:40
t.me/POLICE_of_KZ

Ақсу ферроқорытпа зауытында ұрлықпен айналысқан 14 адамды полицейлер ұстады. Кәсіпорынға 150 миллион теңгеден астам шығын келген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Облыстық полицияның хабарлауынша, бұрынғы және қазіргі қызметкерлерден, сондай-ақ қылмыстық құрамнан құралған бұл тұрақты топ ұзақ уақыт бойы еліміздегі ірі өндіріс орындарының бірі - АФЗ аумағынан феррохром бұйымдарын ұрлаумен айналысып келген. 

«Жедел қызметкерлер бүкіл «қылмыстық тізбекті» құрықтады, оның құрамына зауыттың бұрынғы және қазіргі қызметкерлері, сондай-ақ аймақтың «қылмыстық элементтері» кірген. Қылмыстық іс бойынша 10-нан астам жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп, оның барысында тергеу үшін маңызды заттай айғақтар, соның ішінде қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған мүліктер, қымбат автокөліктер және басқа да материалдық құндылықтар алынды. Полицейлер осы қылмысты жасады деген күдікпен 14 адамды ұстады, оларға қатысты түрлі бұлтартпау шаралары таңдалды», - деді Павлодар облысы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы Ғабит Қабдрахманов.

Полицейлер бұл қылмыстық схеманы ұйымдастырушы тергеуден қашып, халықаралық іздеу жарияланғанын атап өтті. Ол 14 маусымда Алматыда ұсталды.

Еске салайық, Абай ауданындағы өрттерден 10 күн бұрын сыбайлас жемқорлық ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деп айыпталған «Семей орманы» ГЛПР-ның үш басшысына сот үкімі шыққан болатын.

Серіктес жаңалықтары