×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Абай облысында өрттен зардап шеккен отбасыларға жылу жинау аяқталды

17.06.2023, 09:05
Ашық дереккөз

Абай облысындағы алапат өрттен зардап шеккен отбасыларға жылу жинау жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz 

Аймақ басшылығының хабарлауынша, «Ақ Ертіс» қоғамдық қоры Абай облысының Бородулиха ауданындағы орман өрті салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына қаражат жинау және гуманитарлық көмек көрсету үшін қол ұшын созған еліміздің барлық тұрғынына үлкен алғысын білдіреді.

"Барлық қазақстандықтардың бірігуінің арқасында бірнеше күн ішінде қаза тапқандар мен зардап шеккендердің барлық отбасыларына жан-жақты көмек көрсету үшін жеткілікті қаражат жиналды.

Сондықтан, алаяқтардың қандай да бір алыпсатарлық әрекеттерін болдырмау үшін «Ақ Ертіс» қоғамдық қорының жоғарыда аталған мақсаттарға қаражат жинауы аяқталғаны туралы хабарлаймыз", - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары