×
448.56
478.03
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.56
478.03
4.79

Маңғыстауда жантүршігерлік жол апатынан екі отбасы қаза тапты

17.06.2023, 09:38
Ашық дереккөз

Жаңаөзен-Кендірлі тас жолында Toyota Camry және Renault Duster көліктерінің бетпе-бет соқтығысуы салдарынан екі отбасының 9 адамы көз жұмды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жантүршігерлік жол апаты туралы блогер Азамат Сәрсенбаев Instagram парақшасында хабарлады.

16 маусым күні жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00 шамасында Жаңаөзен-Кендірлі тас жолында көптеген адам зардап шеккен ірі жол-көлік оқиғасы болды.

«Әдеттегідей олар бір жаққа асығады немесе одан да сорақысы мас күйінде көлік жүргізеді», - деп жазады Азамат Сәрсенбаев.

Оқиға орнынан түсірілген кадрлар желіде тарап жатыр.

 

Серіктес жаңалықтары