×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Алматы сейсмикалық станциялары бір тәулікте төрт жер сілкінісін тіркеді

18.06.2023, 13:11
Ашық дереккөз

Алматы қаласы сесмикалық орталығының кезекші операторының мәліметі бойынша, соңғы тәулікте төрт жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан 809 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында 17 маусым күні сағат 22:14-те тіркелді. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11.2. MPV, магнитудасы - 4,9. Сезімталдық туралы ақпарат жоқ.

Бір сағаттан кейін эпицентрі Алматыдан 829 шақырым қашықтықта, тағы да Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.3. MPV магнитудасы – 4,3. Сезімталдық туралы ақпарат жоқ.

Таңғы сағат 02.46-да эпицентрі Алматыдан 787 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында кезекті жер сілкінісі болды.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.7. MPV магнитудасы – 4,4. Сезімталдық туралы ақпарат жоқ.

Сондай-ақ, бүгін, 2023 жылдың 18 маусымында сағат 08:58-де тағы бір жер сілкінісі болды.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 839 шақырым жерде – Кашмир мен Қытай шекарасында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.1. MPV магнитудасы - 4,5.

Серіктес жаңалықтары