×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Депутат Әлтаев: Қазақстанның көмірі Машкевичтің жеті атасынан қалған байлығы емес

19.06.2023, 10:39
Коллаж: ulysmedia.kz.

Депуат Аманжол Әлтаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сұрақ жолдап, көмір жетіспеушігі мәселесін көтерді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Жердің көміріне құнығып, елдің өміріне көңіл бөлмейтін байларды қанағатқа шақыратын уақыт келді. Былтыр жылыжайын жылытуға көмірі жетіспей, фермерлеріміз қаншама шығынға ұшырады. Шұбаркөл көмір бассейні бір жыл ішінде 11 млн тонна көмір өндіреді. Соның 5 пайызы ғана ауыл халқына жеткілікті болар еді. Бірақ өкінішке орай олай болмай отыр. Көмір Машкевичтің жеті атасынан қалған байлығы емес қой!? Жер асты байлығының иесі халық», - дейді Аманжол Әлтаев.

Депутат осы көмірді тапшы қылудың себебін білгісі келетінін айтты. Сөзінше, көмірдің экологиялық зардабын шегіп, бейнетін көріп отырған Ұлытау облысының халқының Шұбаркөл көміріне қол жетпей отыр.

«Жаңаарқаның баласы тасты қатты лақтырса, Шұбаркөлдің көміріне тиеді. Солай болса да көмір бағасы 16-20 мың теңге тоннасы. Осы көмір бағасын төмендетуге қолдарыңыздар не келеді?» - деді ол.

Бұл сұраққа жауап берген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілі Азамат Қуанбаев елде елде өндірілетін көмір бүкіл елге жететінін атап өтті.

«Осы айдың ішінде 45 млн тонна көмір өндірілді. Жылыжай иелерінің негізгі талабы – Шұбаркөлдің көмірін барлық жылыжай иелеріне жеткізу. Біз бұл мәселені білеміз. Жиналыс өткіздік. Шұбаркөл разрезі көмір беруден бас тартып отырған жоқ. Алдын ала келісім керек дейді. Жылыжайлармен сөйлесіп жатырмыз. Қазанға дейін шарт жасасса, Шұбаркөлдің көмірімен 1 қаңтардан бастап қамтамасыз етуге дайын. Сапасы жағынан Шұбаркөл көмірімен бірдей бес разрездің байланыс мәліметін жылыжай иелеріне бердік. Олармен де тестілеу жүріп жатыр», - дейді ол.

Оның сөзінше Ұлытаудағы шет ауылдарда көмірдің тоннасы 17500 теңгеден сатылып жатыр.

«Өткен аптада жиналыс өткіздік. Баға 10 пайызға артып отыр. Дизель отынының, ҚТЖ-ның тарифіне байланысты болып отыр. Бірақ бұл мәселені реттеуге тырысамыз», - дейді Қуанбаев.

Серіктес жаңалықтары