×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

"Назарбаев әулеті қысым жасайды": Алматыдағы алма бақтарының оталу себебі айтылды

19.06.2023, 12:41
көрнекі фото

Депутат Бақытжан Базарбек парламент мәжілісінің үкіметтік сағатында ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің алдында Алматыдағы алма бақтарының мәселесін көтерді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Дәл қазір Алматы қаласында таулы жерінде үш гектар алма бағы қазір қырқылып жатыр. Өкінішке қарай Храпунов, Тасмағамбетов, Есімов, Байбек, Сағынтаевтың заңсыз қаулыларының салдарынан біз алма бақтарының 70 пайызынан айырылып қалдық. Ең сорақысы, инспекторлар тексеріс жасаған кезде сол ескі Назарбаев әулеті, олигархтар инспекторларға қысым жасайды. Сөйтіп, алма бақтарды қазір қайтара алмай жатырмыз. Қанша алма бақты қайтардыңыздар?» - деп сұрады Базарбек.

Бұл сұраққа жауап берген Ербол Қарашөкеев жалпы жер қайтару мәселесі бойынша 5,2 млн гектар былтыр қайтарылса, биыл 1,3 млн гектар қайтарылып жатыр.

«Ішінде қаншасы алма бағы екенін қазір айта алмаймын. Кешіріңіз, жазбаша кейін жауап берейін», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары