×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Теледидардан мұны көрсетпейді»: «Дикий Арман» ұсталған сәттен жаңа кадрлар жарияланды

19.06.2023, 11:52
«Теледидардан мұны көрсетпейді»: «Дикий Арман» ұсталған сәттен жаңа кадрлар жарияланды
Коллаж: ulysmedia.kz.

Қамауда отырған Арман Жұмагелдиевтің Instagram парақшасында 2022 жылдың қаңтарында қамауға алынған кезде қонақүйдің дәлізінде түсірілген видео жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Кадрларда қонақ үйдің дәлізінде бірнеше адамның кетіп бара жатқаны көрінеді. Бірінші болып Арман Жұмагелдиев кетіп барады.

«Нөмірі жағына бейқам бара жатыр. Дәліз соңында күш құрылымының бір қызметкері тұр. Ол отырып, қолын басына қоюды талап етеді. Бәрі бұйрықты орындап отырады. Сол кезде күш құрылымдары қызметкерлері келеді де, бәрін аяғымен аяусыз тепкілейді», - дейді видео авторы.

Кадрларда сонымен қатар сол операцияны ұйымдастырушылардың бірі Арман Жұмагелдиевтің қолына пистолет ұстатқан.

Видео авторы полицияның ұстау кезінде заңсыз әрекетке барғанын, Жұмагелдиевке істемеген ісін жапқысы келетінін айтады.

 

Еске салайық, «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиев былтыр 7 қаңтарда ұсталған болатын.

Кейін ҚР Бас прокуратурасы «Дикий Арманның» Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында отырғанын мәлімдеді. Содан бері оны қамауда ұстау мерзімі тоқтаусыз ұзартылып келеді.

«Дикий Арманмен» бірге «қаңтар оқиғасы кезінде наразылық білдірушілердің басын қосып, топ ұйымдастырды» деп айыпталған Алматы қаласы мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайберген порталымызға тергеу камерасынан жолдаған жазбаша жауабында қаңтар оқиғасы жайлы өз нұсқасын айтып берген еді.

Сондай-ақ,  жуырда адвокат Олег Чернов өз қорғауындағы Арман Жұмагелдиев азаптау ісінде жәбірленуші ретінде танылғанын мәлімдеді.