×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Қазақстанда 3 күнде адам саудасына қатысты 50-ге жуық қылмыс анықталды

19.06.2023, 13:02
azattyq-ruhy.kz

ІІМ «STOP трафик» жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысын жария етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбектің айтуынша, шара барысында адам саудасына байланысты 47 қылмыс анықталған.

«Операцияның 3 күнінде полицейлер адам саудасына байланысты 47 қылмысты анықтады. Оның ішінде – жұмысқа жегу мақсатында заңсыз бас бостандығынан айырудың 3 фактісі, 10 адам саудасы, оның ішінде 5-уі кәмелетке толмағандар, 7 жезөкшелікпен айналысуға тарту фактісі, оның 3-і кәмелетке толмағандарға қатысты және 27 притон ұстау мен жеңгетайлық фактілері. Жезөкшелікпен айналысуға үй-жайлар бергені және жеңгетайлық үшін 30 әкімшілік құқық бұзушылық және қоғамдық орындарда тиісу фактісі бойынша 453 құқық бұзушылық тіркелді», - деді ол.

Ресми өкілдің дерегінше, Алматы облысында кәмелетке толмағандарды саудалау фактісі анықталған. Облыстың 39 жастағы тұрғыны өзінің жаңа туған ұлын сатып жібергені белгілі болды. Бұл дерек 2021 жылдың желтоқсанында орын алған. Әйел баласын ерлі-зайыпты жұпқа заңсыз асырап алу мақсатында жарты миллион теңгеге сатқан.

Ал Қарағанды облысында еңбекке еріксіз жегу фактісі анықталды. Шаруа қожалығының басшысы бірнеше жыл бойы зорлық-зомбылықпен, сондай-ақ өзіне қарыз екенін пайдаланып, 52 және 30 жастағы екі тұрғынды жұмысқа салған. Ер адамдар үй шаруашылығымен, техниканы жөндеумен және мал күтімімен айналысуға мәжбүр болған. Қашуға тырысқанда олар қожалыққа қайта қайтарылып, жазаланып отырған. Шаруа қожалығына жақын трасса 65 шақырым жерде орналасқан. Қазіргі уақытта еңбекке еріксіз жегу мақсатында заңсыз бас бостандығынан айырғаны үшін қылмыстық іс қозғалып, терге жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары