×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Junior Eurovision: бүгін онлайн дауыс беру басталады

07.10.2021, 20:35
Фото: ашық дереккөз

Тізім jevision.khabar kz сайтында жарияланады. Түнгі 12:00-де үздік отызға онлайн дауыс беру басталып, ол қазанның 12-сіне дейін жалғасады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

24.kz-ның мәліметінше, бұл – ұлттық іріктеудің екінші кезеңі. Алғашқысы 29 қыркүйектен 6 қазанға дейін жалғасқан. Осы кезде еліміздің барлық өңірінен 819 өтініш түсті. Былтырғыға қарағанда биыл ән байқауына қатысам деген балалардың саны шамамен 200-ге көп. Сол 800-ден аса өреннің 30-ын қазылар алқасы бүгін анықтайды. Тізім jevision.khabar kz сайтында жарияланады. Сөйтіп түнгі 12-де үздік отыз балаға онлайн дауыс беру басталып, ол қазанның 12-сіне дейін жалғасады. Бұл – ұлттық іріктеудің үшінші кезеңі. 

«30 балаға бүкіл Қазақстан өздерінің дауыстарын беру керек. Балалардың бәрі де талантты. Қазылар алқасы да – сайдың тасындай іріктелген кіл мықты мамандар. Хамит Шаңғалиев, Мәдина Сәдуақасова, Бексұлтан Кенішқалиев, Ерлан Бекчурин, Қарлығаш Әбдікәрімова және Қанат Айтбаев төрелік етеді», - дейді қазылар алқасының мүшесі Қарлығаш Әбдікәрімова.

«Хабар» телеарнасының директоры Динара Бисембинаның айтуынша, биыл 19 желтоқсанда өтетін конкурс оффлайн форматта өтеді.

«Былтыр онлайн форматта өтті7 Қарақат Башанова онлайн қатысты. Биыл біздің жеңімпазымыз Қазақстан атынан Парижге барып, өз өнерін паш етеді», - дейді ол.

 Junior Eurovision-нің жеңімпазы желтоқсанның 19-да белгілі болады. Халықаралық байқауда 19 елден баратын 9 бен 14 жас аралығындағы өрендер бақ сынайды.
 

Серіктес жаңалықтары