×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Сүлейменова экс-көмекшісінің қылмыс әлемінің "серкесі" болғанын жоққа шығармады

19.06.2023, 17:27
Сүлейменова экс-көмекшісінің қылмыс әлемінің "серкесі" болғанын жоққа шығармады
baigenews.kz

Экология министрі Зүлфия Сүлейменова өз ведомствосына қылмыс әлемінің «авторитеті» қалай жұмысқа кіріп кеткенін түсіндіруге тырысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жауап беру барысында Сүлейменова әуелі қылмыстық көшбасшыға ұқсамайтынын айтып, қалжыңдауға тырысты.

"Көптің сөзіне қарасам, мен қылмыстық көшбасшы рөліне сай келетін сияқтымын. Жұмысқа қабылданған кез келген қызметкер тиісті тексеруден өтеді. Хасеновке бұйрық келгенде, соттылықтың жоқтығы туралы анықтама қоса берілді. Құқық қорғау органдарының басқа да дерекқорларына қатысты біз міндетті түрде тексереміз. Бірақ тағайындау кезінде анықтама болды", - деді министр.

Еске сала кетсек, бұған дейін осы министрдің оң қолы Заңғар Хасенов деген адамның болғаны, оған орманшыларды тексеру құзыреті берілгені хабарланған болатын. Хасеновтың қылмыс әлемінде салмағы болғаны да біршама жазылған.