×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

«Қызумен айтылған нәрсе»: Қарашөкеев Тоқаев айтқан сын жайлы

19.06.2023, 17:13
gov.kz

19 сәуірде өткен әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте президент ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтаудың заманға сай инфрақұрылымдарын құру бағытында жұмысты күшейтуді тапсырған болатын, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«8 млн тонна жеміс-жидек пен картоп жиналғанымен, қоймалар сыйымдылығы тек 1,7 млн тоннаны құрайды. Оның үстіне жеміс-жидек қоймаларының 60% тоңазытқыш құрылғыларымен қамтылмаған. Қоймалардың 30%-ның қолданылғанына 20 жылдан астам уақыт өткен. Салдарынан сақтау кезінде өнімдердің астрономиялық деңгейдегі 35, тіпті кейде 40% жоғалтамыз. Үкімет осы мәселені жүйелі түрде шешуі керек», - деген еді Тоқаев.

Бүгін Тоқаевтың осы сөзін депутат Серік Егізбаев келтірген. «Іс жүзінде айтарлықтай ештеңе өзгерген жоқ» деп сынаған еді депутат. 

Алайда кулуарда Ербол Қарашөкеев бұл көрсеткішті «қызумен айтылған әңгімеге» теңеді. Оның айтуынша, сақтау қоймаларында жарамсыз болып қалатын өнімдер үлесі 5%-дан аспайды.

Айта кетейік, бұдан бұрын министр қант импортын 58 пайыздан 17 пайызға дейін азайтуға уәде берген болатын.

Серіктес жаңалықтары