×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

Павлодар тұрғынының ауласына жаралы аққу ұшып келді

07.10.2021, 22:39
Фото: Pavlodarnews.kz

Павлодар қаласындағы Радиозауыт аумағында орналасқан тұрғын үйдің ауласына ұшып келген 4 аққудың біреуі жараланған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Pavlodarnews.kz-ның мәліметінше, бұл ақпаратты Павлодар орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі хабарлаған.

«Тұрғын үйдің ауласына ұшып келген 4 киелі құстың үшеуі қайта ұшып кетті де6 біреуі өз тобынан қалып қойған. Үй иесі бірден орманшыларға қоңырау шалып, мән-жайды түсіндірген. Жараланған аққу туралы хабар түсісімен мамандар сол жерге жетіп, оны «Жан» ветеринарлық клиникасына жеткізді», - деді мекеме басшысы Аждар Жүсіпов.

Ветеринарлардың жіті бақылауынан кейін, мамандар аққудың сол қанатының аздап жарақаттанғанын анықтаған. Зинаида деген атау алған киелі құс уақытша Павлодар ауылындағы шаңғы базасына жеткізілді. Жарақатынан айыққаннан кейін сыңарынан айрылған аққу өңірдегі су қоймаларының біріне жіберіледі. 

Серіктес жаңалықтары