×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Алматыда науқастардың ВИЧ жұқтыруы: министрлік тергеудің алғашқы нәтижелерін жариялады

20.06.2023, 16:21
Коллаж: Ulysmedia.kz

Денсаулық сақтау министрлігі  Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында АИТВ жұқтырған науқастардың анықталуына байланысты жүргізіліп жатқан эпидемиологиялық тергеу барысы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Құрамына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті орталық аппаратының және Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің және олардың аумақтық бөлімшелерінің мамандары, сондай-ақ бейінді мамандар енгізілген комиссия ағымдағы жылдың 14 маусымынан бастап осы оқиғаны тексеруді бастады”, – делінген хабарламада.

Министрлік мәліметінше, тексеру шеңберінде пациенттердің бағыты белгіленеді, ОКҚА-да көрсетілетін медициналық қызметтердің көлемі мен сапасы және пациенттер емдеуге жатқызылған бөлімшелерде медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялардың профилактикасы бойынша инфекциялық бақылаудың сақталу мониторингі бағаланады.

“Тексеру барысында барлық пациенттер 2023 жылдың сәуір айында ОКҚА-ның бірнеше бөлімшелерінде медициналық көмек алғаны анықталды. Қазіргі уақытта пациенттердің маршрутын ескере отырып, байланыс шеңбері белгіленуде. Бүгінгі таңда 593 байланыста болған адамнан АИТВ-ға тексеру үшін материал алынды,оның 419-ы теріс, қалған 174-і жұмыста. Денсаулық сақтау министрлігі істерді тексеру барысын ерекше бақылауда ұстайды және бұл туралы жұртшылықты үнемі хабардар етіп отырады”, – деп түсіндірді ведомство.

Еске салайық, бұдан бұрын Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы қаланың орталық клиникалық ауруханасында емделушілердің АИТВ жұқтырғанын растаған.

Көп ұзамай осы факті бойынша Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеттері тексеруді бастағаны хабарланды.

Серіктес жаңалықтары