×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Қазақ-қытай шекарасы жабылады

21.06.2023, 08:21
Inform.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан мен ҚХР шекарасындағы өткізу пунктері уақытша жабылатынын ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстан Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы келісімге сәйкес 22 маусымда шекара бекеттері жабық болады.

Оған себеп - Қытайда тойланатын Айдаһар қайықтары мейрамы (Дуань-у).

Осыған байланысты 22 маусымда қазақ-қытай шекарасындағы автокөлік өткізу пунктілерінде адамдар, көлік, жүк пен тауар өткізілмейді. Бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - деп ескертеді комитеттен.

Теміржолдағы өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді.

Серіктес жаңалықтары