Ақмола облысындағы Жарқайын ауданының орталығына Кенесары ханның аты берілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Державин қаласының атауын өзгерту үшін дауыс берушілерге 321 бюллетень берілген. Оның ішінде 192 адам қалаға Кенесарының есімі берілуін қолдаса, 125 адам қарсылық танытқан. Қалған 4 бюллетень жарамсыз деп танылған.
Державин қаласы Астанадан 482 шақырым дерде орналасқан. 2020 жылғы санақ бойыншаонда 6307 адам тұрады.
Айта кетейік, бұдан бұрын Ақмола облысындағы Кировское ауылына қазақша атау берілетіні хабарланған.