×
443.72
482.28
4.9
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.72
482.28
4.9

Қазақстанда алимет төлемеген ана алғаш рет сотталды

08.10.2021, 00:58
Фото: ашық дереккөз

Қостанай облысының тұрғыны балаларына бірнеше миллион теңге қарыз болып қалған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Жітіқараның 44 жастағы тұрғыны жарты жылға бас бостандығынан айырылады. 6 қазанда ол Қостанай облысындағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған сотының залында тұтқындалды. Қостанай облыстық жеке сот орындаушылар палатасының басшысы Несібелі Бәсенова түсіндіргендей, әйелге қатысты материалдар өндіріске 2018 жылы енген.

«Ол кезде әйелдің балалары алдындағы қарызы 1 млн 300 мың болған, бірақ жыл өткен сайын қарыздары жинала берген. Сот орындаушысы оны үш рет жұмысқа орналастырған, алайда бір айға жетер-жетпес уақыт қана істеп, 10-12 мың теңге ғана алимент төлеп, жұмыстан шығып кетіп отырған», - дейді Несібелі Бәсенова.

Осы уақыт арасында әйелдің үлкен қызы кәмелеттік жасқа толып қойған. Алиментті оның 16 жастағы ұлы алуы керек болатын. Қазіргі уақытта әйел балаларының алдында 3 млн. теңге қарыз.

«Балалар әкесінің тәрбиесінде. Ол жұмыс істемейді, бірақ таксиші болып, балаларын өз күшімен бағып-қағуда», - дейді Несібелі Бәйсенова.

Алимет төлемеген әйел бұған дейін 6 рет әкімшілік жауапқа тартылса, 2019, 2020 жылдары қылмыстық жауапқа тартылған. Тіпті шартты түрде жаза тағайындалып, бір жылға бас бостандығы шектелген. Енді жарты жылға бас бостандығынан айырылады.

Сот орындаушылары мұндай жаза әлимент төлемей жүрген басқа адамдарға сабақ болады. Облыс бойынша алимет төлемей жүргендер саны 160 мыңға жуық.

Серіктес жаңалықтары