×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Тоқаевтың ядролық қарудан бас тарту туралы сөзін Путин қалай қабылдады

21.06.2023, 18:02
stan.kz

Журналист және Нобель сыйлығының лауреаты Дмитрий Мeратов Владимир Путиннің Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ядролық қару туралы айтқан сөздеріне реакциясының кездейсоқ куәгері болғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Муратов бұл туралы Ресей мен Украинаның соғысындағы Қазақстанның рөлін қалай көретіндігі жайлы сұраққа жауап беру барысында айтты, деп жазады Globalnews.kz.

"Мен Валдай форумында Тоқаев пен Путин арасында болған ерекше әңгімеге куә болдым. Президент Тоқаев Қазақстанның ядролық қаруға ие болғысы келмейтінін айтты, өйткені оның басқа тартымдылығы бар: логистикалық, мәдени орталық ретінде, Еуропа үшін де, Азия үшін де қолайлы сауда кеңістігі ретінде. Ал ядролық қару табысқа жетудің шарты емес. Кенеттен Тоқаевтың қасында отырған Путин оған: "Саддам Хусейн мұны мақұлдамас еді" деді”, - деп жауап берді журналист.

Ол Путинді Қазақстанның ядролық қарудан  сенімді түрде бас тартуы таң қалдырғанына сенімді.

"Бұл Ресей мен Қазақстан арасындағы үлкен, аса маңызды қайшылық. Бір ел өзін күшейту, милитаризация жолымен жүреді, ядролық қаруды әлемді екі полярлықтан көп полярлыға ауыстыру құралы ретінде біледі, ал екінші ел әртүрлі салаларда қалыпты сауда серіктесі болғысы келеді. Бұл екі түрлі жол және біз оны қазір посткеңестік кеңістікте көріп отырмыз. Мен Тоқаев пен Путин антагонист деп айтпаймын. Жоқ. Олар ынтымақтасуға мәжбүр, өйткені Қазақстан әрқашан Ресеймен, Ресей өмір бойы Қазақстанмен шектеседі. Бірақ олардың мемлекеттік бағыттары әртүрлі", - деді ол.

Серіктес жаңалықтары