×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

СҚО әкімі ағасы мен күйеу баласының бизнесіне бөлінген миллиондар жайлы не дейді

22.06.2023, 08:02
СҚО әкімі ағасы мен күйеу баласының бизнесіне бөлінген миллиондар жайлы не дейді
Ақ Жайық

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров осы өңірде агробизнеспен айналысатын жақын туыстары туралы айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Біріншіден, мен бірінші жыл облыс басшысымын, енді ғана жұмыс істей бастадым. Менің ағам 1995 жылы егіншілікпен айналыса бастады, өзі агроном ғалым, Омбы ауылшаруашылық институтын бітірді. Ауыл шаруашылығын жақсы біледі. Сондықтан ол осы іспен айналысады, ешқандай кикілжің жоқ. Барлығы заң аясында", - деді әкім сұраққа жауап бере отырып.

Шенеунік ағасына субсидия бөлінуін тіпті Бас прокуратура да тексергенін атап өтті.

"Егер сіз субсидияларға қатысты жалған материалдар болғаны туралы айтып тұрсаңыз, оның бәрі тексерілді, Бас прокуратура да тексерді. Ол заң шеңберінде, қолданыстағы субсидиялар шеңберінде алады, – деді Сапаров.

Аймақ басшысы "ешкім артық ештеңе алмайды"деп қосты. Әкім ол тағайындалғалы туысына "жұмыс істеу қиындай түскенін" айтты.

"Себебі біз қазір әлеуметтік саламен айналысуды міндеттеп жатырмыз. Ол қазір көбірек инвестиция салады, көп жұмыс істеу керек. Жүріңіз, оның қанша үй салғанын, медициналық пункттерді, демалыс орталықтарын салғанын көріңіз", - деді ол.

Айта кетейік, БАҚ Сапаровтың ағаларына тиесілі "Ноғайбай" ЖШС (Сапаровтың өзі бір кездері бас директор болған), "Булаев Астық" ЖШС, сондай-ақ оның ұлы басқаратын "Нұр-Агро 2050" ЖШС мемлекеттік субсидиялар алатынын хабарлаған. Бұл туралы Сапаров Ulysmedia.kz тілшісіне  бұл серіктестіктер бюджет ақшасын заң шеңберінде және оның ықпалынсыз алғанын айтты.

Сонымен қатар, кейбір интернет-ресурстар Сапаровтың күйеу баласы – Әділхан Арыстановтың бас директоры болып табылатын AgroLab ЖШС-нің де тасы өрге домалап тұрғанын жазды. Мысалы, өткен жылы компания СҚО әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасынан тұқымдарды тексеру және дайындау қызметтеріне мемлекеттік тапсырысты жеңіп алды. Келісімшарт сомасы – 102 млн теңге.

Айта кетейік, AgroLab ЖШС-тің екінші құрылтайшысы – Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлдарына тиесілі KAZChemicals ЖШС. Ал Әділхан Арыстановтың өзі – Нұрлан Зайроллаұлының туған ағасы Арыстан Нығматулиннің ұлы. Яғни, СҚО-ның қазіргі әкімі Нығматулиндердің құдасы. Олар тек отбасылық мерекелерде ғана емес, басқа шараларда да жиі көрісетіні анық. Өйткені, халық даналығында айтылғандай "күйеу — жүз жылдық, құда — мың жылдық".