×
472.68
466.91
8.01
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
472.68
466.91
8.01

Нэнси Пелоси Тайванға келді: Аралда әскери даярлықтың сары деңгейі енгізілді

02.08.2022, 21:35
Фото: Ашық дереккөзден

АҚШ саясаткері Нэнси Пелосидің арнайы рейсі Тайбэйдегі Соншан әуежайына қонды. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Нэнси Пелосидің келіп қонғаны бірнеше БАҚ-тың тікелей эфирінде көрсетілді. Ресми арналар да ақпарат таратты.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Пелосидің сапары алдында қытайлық жойғыш ұшақтар Тайваньмен шекараны анықтаудың қиял сызығынан ұшып өткен. Сонымен қатар, басылымның мәліметінше, аралда Қытай армиясының әскери кемелері де көрінген.

Тайвань күштері әскери даярлықтың сары деңгейіне өтті.

Еске салайық, іс жүзінде тәуелсіз аралды өз территориясы санайтын Қытай Пелосидің Тайваньға сапарына қарсы шыққан. Қытай көшбасшысы Си Цзиньпин АҚШ президенті Джо Байденнен «отпен ойнамауды» және Пелосидің сапарына жол бермеуді талап еткен еді. Қытайдың әлеуметтік желілерінде оның ұшағы Тайвань әуе кеңістігіне ұшатын болса, атып түсіру керек деген үндеу пайда болған.

Ulysmedia.kz порталы бұған дейін сарапшы Мұхтар Мақаттың талдауын ұсынған болатын. Сарапшы Тайванның бұрынғы тарихы мен бүгінгі ұстанымы жайлы ой қозғап, өз болжамын да келтірген еді.