×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Байқаусыз-ақ жоба алатын депутаттар: Досаев құрылыс компанияларын қалай жарылқап отыр

22.06.2023, 17:08
Коллаж: Ulysmedia.kz

Алматы әкімі Ерболат Досаев оңтүстік астанада пайда болған мүдделер қақтығысын түсіндіруге тырысты. Мәслихаттағы орындардың көпшілігін қала әкімшілігінен ірі тапсырыстар алатын құрылыс компанияларының басшылары иеленді. Бұл жағдай белсенділер мен журналистердің көкейінде көп сұрақ туғызды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бүгінгі баспасөз мәслихатында журналистер Алматыда құрылыс бизнесімен айналысатын бірнеше депутаттың есімін атады.

Олардың ішінде Анна Башинская (ЛЭУ), Әміржан Нәбиев (Атрикс-Строй), Ералы Сауранбаев (Sheber), Болат Ибрагимұлы (Qazaq Stroy Properties) және басқалары бар.

БАҚ өкілдеріне жауап бере отырып, Досаев депутаттар оның өзі секілді мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесіне ықпал ете алмайтынын айтты.

"Сіз атаған барлық азаматтардың компаниялары Алматыда орналасқан. Олар жұмыс орындарын құрып, салық төлеп отыр. Менің тізімімде салықтан жалтарғандар жоқ.

Бұл депутаттар өткізілетін конкурстық рәсімдерге әсер ете алмайды, өйткені заң бойынша бұл жүйеге мен сияқты қатысы жоқ", — деді ол.

Айта кетейік, депутаттар мен әкімнің бұл рәсімге расында да қатысы жоқ, алайда оңтүстік астананың әкімі қандай да бір себептермен құрылыс компаниялары бар кейбір депутаттарға байқаусыз-ақ жобалар берілгенін айтқан жоқ.

Мысалы, Алматы мәслихатының депутаты Әміржан Нәбиев тең құрылтайшысы болып табылатын "АТРИКС-СТРОЙ" ЖШС-де осындай жағдай болды. Компания қаңтар айындағы оқиғалардан кейін әкімдік ғимаратын жөндеумен айналысты. БАҚ шарттың сомасы бірнеше рет өзгергенін, қазір ол 17 млрд теңгені құрайтынын хабарлады. Қаражат бір көзден бөлінді. Әкім бұл жағдайға түсініктеме берген жоқ.

Айта кетейік, Ерболат Досаев 2022 жылдың қаңтар айынан бастап Алматы әкімі қызметін атқарады.

Бұдан бұрын Алматы әкімдігінің ғимараты қашан жөнделіп бітетіні хабарланған.

Серіктес жаңалықтары