×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Қазақ мұнайы Әзірбайжан арқылы тасымалдана бастайды

23.06.2023, 10:46
фото: ашық дереккөзден

Астана мен Баку Әзірбайжан арқылы қазақстандық мұнай тасымалы туралы құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Әзірбайжан мен Қазақстан арасындағы келіссөздердің қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды: ( ... ) "Әзірбайжан Республикасының аумағы арқылы Қазақстан мұнайының транзиті бойынша Әзірбайжан Республикасының мемлекеттік мұнай компаниясы мен "ҚазМұнайГаз "Ұлттық компаниясы" АҚ арасындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы Меморандум", - деп хабарлады Әзірбайжан үкіметі.

Құжатқа Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов пен Әзірбайжан министрлер кабинетінің басшысы Әли Асадовтың кездесуінің қорытындысы бойынша қол қойылды.

Сондай ақ кездесу аясында келесі құжаттарға қол қойылды:

- "AZERTELEKOM" OOO мен "Kazakhtelecom"АҚ арасындағы акционерлік келісім;

- "Әзірбайжан темір жолдары" ЖАҚ, "Қазақстан темір жолдары ұлттық компаниясы" АҚ және "Грузин темір жолдары"АҚ арасында бірлескен кәсіпорын құрудың және оның қызметінің базалық қағидаттары туралы келісім";

- "Әзірбайжан Республикасының Туризм жөніндегі мемлекеттік агенттігі мен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі арасындағы Туризм саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы Меморандум";

- "Әзірбайжан республикасының Жастар және спорт министрлігі мен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі арасындағы спорт саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы Меморандум";

- "Әзірбайжан Республикасының Мәдениет министрлігі мен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі арасындағы мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы Меморандум";

- "Әзірбайжан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арасындағы еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы" 2005 жылғы 24 мамырдағы 2023-2024 жылдар кезеңіне арналған іс-шаралар жоспары;

- "Әзірбайжан Республикасының цифрлық даму және көлік министрлігі мен Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі арасындағы кездесу хаттамасы";

- "Әзірбайжан Республикасының цифрлық даму және көлік министрлігі мен Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі арасындағы көліктік өзара іс-қимылды кеңейту және орта дәлізді цифрландыру саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандум";

- "Әзірбайжан республикасының экономика министрлігі мен Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі арасындағы кемелер мен теміржол локомотивтерін жеткізу саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандум".

Серіктес жаңалықтары