×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

БҚО-да мектеп директоры түлектердің ата-аналарынан ақша жинаған

23.06.2023, 11:09
БҚО-да мектеп директоры түлектердің ата-аналарынан ақша жинаған
Фото: дереккөзден

БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет түлектердің ата-аналары мектеп директорының үстінен шағымданғанын мәлімдеді. Олардың сөзінше, директор баспа құрылғыларының көмегімен мектепті бітіргені туралы аттестаттарды толтыру үшін ақша жинаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тексеру қорытындысы бойынша мектеп пен жеткізуші арасында биылғы жылдың 19 мамырында мектепті бітіргені туралы аттестаттарды толтыру бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғаны анықталды.

Мемлекеттік сатып алуды өткізу барысында Тапсырыс беруші техникалық ерекшелікте «Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды толтыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 565 бұйрығының талаптарын сақтамаған, яғни баспа құрылғыларының көмегімен аттестаттарды толтыру көрсетілмеген.

Осыған байланысты, мектеп директоры егер ата-аналар электронды түрде толтырылған аттестат алғысы келген жағдайда, ата-аналардан 1000 теңге сомасында ақша жинау туралы нұсқау берген.

“БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің араласуынан кейін, түлектердің ата-аналарынан жиналған ақшалай қаражат қайтарылды, жоғарыда аталған бұзушылыққа жол бергені үшін кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды”, – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұдан бұрын Антикор мектеп бітіру кештеріне байланысты шенеуніктерге ескерту жасаған.