×
477.37
460.38
8.27
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
477.37
460.38
8.27

Қытай Тайваньдағы жаттығу жиыны аясында бірнеше нысанға соққы жасады

04.08.2022, 14:05
Фото: Ашық дереккөз

Қытай әскері Тайваньдағы әскери жаттығу аясында жауынгерлік атуды қолға алды. Бұл туралы Қытайдың орталық телеарнасы хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

 «4 тамыз күні сағат 13:00 шамасында Тайвань бұғазында алыс қашықтықтарға жауынгерлік ату туралы бұйрық түсіп, Тайвань бұғазының шығыс бөлігіне дәл соққылар жұмсалды. Күтілген нәтижеге қол жетті», - делінген хабарламада.

Қытай Тайваньдағы әскери жаттығуды 4 тамызда бастады. Жаттығу жиыны 7 тамызға дейін жалғасады. Жаттығу аясында арал маңындағы әуе кеңістігі мен суда жауынгерлік атуға мүмкіндік берілген. Тайвань тарапы мұны аймақтағы кво-статсын өзгерту үшін жасалған кезекті арандату деп бағалауда. 

Қытайдағы ірі әскери жаттығу АҚШ конгресінің спикері Нэнси Пелосидің Тайваньға сапарына жауап ретінде өткізілуде. Ол 2 тамыз күні Азия турнесі аясында аралға соққан болатын. Нэнсидің Тайваньға келетіні туралы Ақ үй ресми мәлімдеме жасаған жоқ.