×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Бюджеттің 11 млрд теңгесі ұрланған: білім саласындағы жемқорлық схемалары ашылды

23.06.2023, 16:46
фото: ашық дереккөзден

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру жүйесіндегі жемқорлық тәуекелдеріне жасалған талдау нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ведомство мәліметінше, соңғы үш жылда мемлекет білім беру саласын дамытуға 12,1 трлн теңге бағыттаған, бұл 2021-2023 жылдарға арналған мемлекеттік бюджеттің барлық шығыстарының 28% құрайды.

“Әлеуметтік қолдау шараларына қарамастан, білім беру саласы ең көп жемқорларланған салалардың бірі болып қалуда. 2020 жылдан бастап осы саладағы қылмыстық істер бойынша 143 адам сотталды. Мемлекетке келтірілген залал шамамен 11 млрд теңгені құрады, оның 5,2 млрд теңгесі өтелді”, – делінген хабарламада.

Мәселен, Жетісу облысында қалалық білім бөлімінің қызметкерлері 2,5 жыл ішінде 4,4 млрд теңгені ұрлаған. Қылмыстық топқа басшы және екі білім беру бухгалтері, сондай-ақ 13 мектеп бухгалтерлері кірді.

Мұндай қылмыстық схемалар елдің барлық аумағында анықталды. Алматы, Шымкент қалаларында, Қызылорда, Ақтөбе және Алматы облыстарында ең ірі жымқыру фактісі тіркелді.

Мәселен, жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері бойынша бюджет ақшасын жымқырудың тұрақты тәсілдері ашылды:

1. Қызметкердің жалақысына оның лауазымына қарағанда әлдеқайда көп ақша аударған;
2. Жалақы мектепте мүлдем жұмыс істемейтін адамдарға аударылған;
3. Қызметкердің карт-шоттарына жалақы есептеліп, ал төлемдерде басқа тұлғаның тегі көрсетілген;
4. Бір адамға ақша аударымдарын бірнеше рет аударған;
5. Олар ақшаны «өлі жандарға» - туыстары мен жақындарына аударған.

“Жоғарыда аталған барлық жымқыру әдістері бір схема арқылы жүзеге асырылады. Алдымен бухгалтер төлем құжаттарын ведомстволық есеп жүйелерінен түсіреді. Әрі қарай, қажетті түзетулер қолмен енгізіліп, бұрмаланған мәліметтері бар құжаттар кейін төлемге жіберіледі. Мұндай манипуляциялар мектептің аталған бухгалтерлік есеп жүйелері, Ұлттық білім беру базасы және Қазынашылық-клиент базасы арасындағы интеграцияның болмауына байланысты жүзеге асқан”, – деп мәлім етті Антикордан.

Еске салайық, бұдан бұрынТалдықорған қалалық білім бөлімі бас есепшісінің үйінен 1 миллиард теңге, сондай-ақ қымбат мүліктің құжаттары табылған еді. 48 жастағы әйел шетелге қашып кетпекші болған. Бірақ тәртіп сақшылары оны ұстап үлгерді. Үйін тінту кезінде 942 млн 902 мың теңгеден астам қаражат тәркіленді. Бас есепші ұрлаған ақшаның басым бөлігін шетелдік валютаға айырбастап қойған. Бұдан бөлек, 14 пәтер, 7 коммерциялық нысан мен Лэнд Крузер 200 маркалы көліктің құжаттары табылды. Зергерлік бұйымдар да шықты. Қазіргі кезде 1 млрд 200 млн теңгеге бағаланған дүние-мүлікке уақытша шектеу қойылды.

Көп ұзамай Талдықорған қаласы Білім бөлімінің басшысы да тергеліп жатқаны белгілі болды.

Сондай-ақ, бұдан бұрын елімізде бір мектепті 7 жылдан артық басқарған директорлар жаппай тексерілетіні хабарланған.

 

Серіктес жаңалықтары