×
478.39
489.68
7.95
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
478.39
489.68
7.95

Теннистен Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

05.08.2022, 08:01
Фото bassport.kz

Теннистен Қазақстан құрамасы Простеевте (Чехия) жасөспірімдер арасында (14 жасқа дейін) өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Bassport.kz-ке сілтеме жасаған Ulysmedia.kz.

Словения командасымен екінші кездесуде Заңғар Нұрланұлы Жиго Шешконы  2:4, 6:4, 6:3 есебімен жеңді.

Даниэль Тазабеков словениялық Свит Сулжичті 3:6, 7:6, 6:2 есебімен ұтты.

Жартылай финалда отандастарымыз Германия немесе Болгария ойыншыларымен кездеседі.