×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Қазақстанның ауыл шаруашылығын қолдауға 400 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді

25.06.2023, 17:13
Ашық дереккөз

Қызылорда облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға арналған республикалық кеңес өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков ауыл шаруашылығы саласына мемлекеттік қолдаудың жалпы көлемі жыл сайын артып келе жатқанын айтты.

Биыл саланы субсидиялауға 400 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Сондай-ақ мемлекет жекелеген тауар топтарын өндіруге кететін шығынды азайтатыны мәлім болды.

Делдалдық бағдарламаға тауар өндірушілерді көбірек тарту және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеушілерді қаржыландыруды ұлғайту мақсатында үлгілік ережелерде қаржыландырудың 70 пайызын бағыттау талабы белгіленген.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда субсидия алу ережелерінің тым жиі өзгеруі наразылық тудырғаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары