×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Қаңтар оқиғасы: Сейітқұловтар отбасын өлтірді деп айыпталған әскери қызметкер 7 жылға сотталды

26.06.2023, 09:55
Фото: Азаттық

Алматы гарнизоны Әскери соты әскери Қылмыстық кодекстің 451 бабы 2 бөлігі бойынша (билікті асыра пайдалану) айыпталған әскери қызметкер Данияр Егембаевты 7 жылға соттады. Ол Қаңтар оқиғасы кезінде Сейітқұловтар отбасының өліміне кінәлі деп танылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Азаттыққа сілтеме жасап.

Сейітқұловтар отбасы Талдықорғанда 2022 жылдың 8 қаңтарында атылған оқтан қаза тапқан. Әскерилер Нұрболат Сейітқұлов, оның жары Алтынай Етаева мен 15 жастағы қызы Нұрай мінген көлікке оқ жаудырған. Үшеуі оқиға орнында көз жұмған. Данияр Егембаев Нұрболат пен қызының өліміне қатысты күдікті деп танылған. Алтынай Етаеваның өліміне байланысты іс жеке өндіріске шығарылған.

Серіктес жаңалықтары