×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Қарағандының ойын алаңындағы төтенше жағдай: жауапты шенеунік қызметінен қуылды

26.06.2023, 11:06
фото: ашық дереккөзден

Қарағанды облысында екі бала зардап шеккен балалар ойын алаңындағы төтенше жағдайға байланысты Әлихан Бөкейхан ауданы әкімінің аулаларды абаттандыруға жауапты орынбасары жұмыстан шығарылатын болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Өткен аптада бізде төтенше жағдай орын алды. Ересектердің немқұрайлылығынан екі бала зардап шекті. Мен барлығына бірнеше рет ескерттім және тағы да қайталаймын: ойын алаңдарын жөндегенде ең алдымен қауіпсіздік туралы ойланыңыздар! Футбол қақпалары мен сәулет нысандарын тексеріп, нығайтыңыздар, ештеңе құлап жатпауы керек! Мердігерлер асығыстық танытып, тезірек ақша тапқысы келеді, ал кейбір әріптестеріміз бұған көз жұма қарайды», - деді облыс Ермағанбет Бөлекпаев аппараттық кеңесте.

Ол қала әкіміне Әлихан Бөкейхан ауданы әкімінің орынбасарын жұмыстан шығаруды тапсырды. Сондай-ақ құқық қорғау органдарына мердігердің жауапкершілігіне құқықтық баға беруді сұрады.

«Мұндай нәрселерге бұдан былай жол беруге болмайды. Абаттандыру ережелерін қауіпсіздікті арттыру бағытында қайта қарауды тапсырамын. Мысалы, неге жасанды көгалдың орнына тартан жабынын қолданбасқа. Мұның бәрін зерттеу керек, өзгерістер енгізу керек. Біздің мақсатымыз – қауіпсіз балалық шақты қамтамасыз ету. Бұл мәселелерді қысқа мерзімде шешу қажет», - деп атап өтті өңір басшысы.

Серіктес жаңалықтары