×
465.38
483.58
7.69
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
465.38
483.58
7.69

АҚШ, Жапония мен Австралия Қытайды Тайваньдағы маневрларды тоқтатуға шақырды

06.08.2022, 10:14

Үш елдің сыртқы саясатына жауапты ведомстволардың басшылары Бейжіңді дипломатияға, Тайвань бұғазындағы әскери жаттығуларды тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен, Австралия және Жапония Сыртқы істер министрлері Пенни Вонг пен Хаяши Йосимаса АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайваньға жуырдағы сапары аясында Қытайдың баллистикалық зымырандарды ұшыруын айыптап, Қытайдың әскери жаттығуларын тоқтатуға шақырды. Бірлескен мәлімдеме 5 тамызда АҚШ Мемлекеттік департаментінің сайтында жарияланды.

Бірлескен құжатқа сәйкес, Вашингтон, Канберра және Токио «Қытайдың халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылыққа, соның ішінде ауқымды әскери жаттығулар өткізуіне елеулі нұқсан келтіретін соңғы әрекеттеріне алаңдаушылық білдірген». Қытай баллистикалық зымырандарды ұшырғаннан кейін олардың бесеуі Жапонияның арнайы экономикалық аймақтарына түскен. «Бұл Үнді-Тынық мұхиты аймағында шиеленіс пен тұрақсыздықтың күшеюіне әкелді» делінген хабарламада.

Сонымен қатар, үш елдің сыртқы істер министрлері «Тайвань бұғазында бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға бейілділігін қуаттап», «аймақтағы қате есептеу қаупін болдырмау үшін дипломатияға ұмтылуын қолдайтынын» мәлімдеді.