×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

"Финпол" капитаны Ақтөбе әкімі болды

26.06.2023, 15:39
gov.kz

Азамат Бекет Ақтөбе қаласының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Азамат Бекет - Қазақ гуманитарлық-заң университетінің және Экономика және құқық академиясының түлегі.

2000 жылдардың басында ол бокстан ұлттық құраманың мүшесі болды, ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде (қаржы полициясы) жұмыс істеді. Қаржы полициясының капитаны атағы бар.

2016 – 2018 жылдары Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымдарында қызмет атқарған.

2018 – 2020 жылдары Атырау облысы Жылыой ауданының әкімі болып еңбек еткен.

2020 – 2021 жылдары Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

2021 жылдың ақпан айынан Ақтөбе облысының Хромтау ауданының әкімі лауазымын атқарып келді.

Серіктес жаңалықтары