×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

Қазақстандық дзюдошылар өз жанкүйерінің алдында Өзбекстанды жеңді

07.08.2022, 20:05
Фото: Olympic.kz

Нұр-Сұлтандағы Азия чемпионатында Қазақстан командалық жарыстан үшінші орынға табан тіреді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Командалық жарыста Қазақстан құрамасы алдымен Жапонияға жол берді. Үшінші орын үшін өткен кездесуде Өзбекстан құрамасынан басым түсті. 

Қорытынды есеп 3:3 болып тіркелген. Шешуші айқаста +78 келідегі Камила Берліқаштың қарсыласы жарақатына байланысты татамиге шыққан жоқ. 

Нәтижесінде, Қазақстан командасы жеңіске жетті. 

Жекелей сында алтын медальді Данияр Шамшаев ұтып алса, Ислам Бозбаев пен Абиба Әбужақынова күміс, Мағжан Шамшадин, Ғұсман Қырғызбаев, Аруна Жангелдина, Дидар Хамза және Нұрлыхан Шархан қола жүлдегер атанды.