×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Дизель отыны жетпейді, бәрін шетелдік ауыр жүк көліктері әкетеді»: Энергетика министрі мәселеден хабардар ма

27.06.2023, 12:07
«Дизель отыны жетпейді, бәрін шетелдік ауыр жүк көліктері әкетеді»: Энергетика министрі мәселеден хабардар ма
Фото: Ашық дереккөзден

Қытай тарапы шекараны ашқалы бері Бақты, Майқапшағай, Қорғас бекеттері арқылы ауыр жүк көліктері жиі жүретін болған. Осыдан отандық кәсіпкерлер дизель отыны "кейде өзімізге жетпей қалады" деп шағымданады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Айта кетейік, Қазақстанның шекаралас өңірлеріндегі кәсіпкерлері дизель отынының жетпей жататынына шағымданады. Олардың айтуынша, Қытай мен Ресей арасында жүретін ауыр жүк көліктері дизель отынын жаппай сатып алып, осының салдарынан тапшылық туындайды. Кейбір жағдайда брокерлердің халықаралық транзитпен жүретін ауыр жүк көліктеріне дизель отынын арзан бағада сататыны жөнінде де ақпараттар бар.

Бұл мәселеден қаншалықты хабардар екенін Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтен сұрап көргенбіз. Министр мәселені білетінін айтады.

«Біз бұған дейін осы мәселе жөнінде баяндама жасағанбыз. Қазақстан нарығында жанар-жағармай отынымен қамтамасыз етуде екі өткір мәселе бар. Біріншіден, жанар-жағармай бізге бұрыннан жетпейді. Ел ішінде бұл дефицитті шамамен 700 мың тоннаға дейін екенін есептеп шығарғанбыз. Ол қажеттілікті біз Ресей арқылы жауып отырмыз. Нарықтағы субъекттер де сатып әкеледі. Самұрық-Қазына да дизель тасымалдайтын компанияларға көмектесіп келеді”, – дейді ол.

Министрдің айтуынша, екінші тенденция – Қазақстандағы дизель отынының бағасы көрші елдермен салыстырғанда едәуір төмен. Осының есебінен кейде заңсыз жолмен, кейде қосымша бактермен ауыр жүк көліктері жүреді.

“Осыған байланысты жанар-жағармай құю бекеттерінде халықаралық транзитте жүрген ауыр жүк көліктерге лимит бекітілді. Мәселені барынша бақылауда ұстағымыз келеді. Ішкі істер министрлігі, жол полициясы да іске кірісіп, көліктерді паспорттауды қолға алды. Олар қосымша бактарды тексереді.

Біз мұнай өңдеу зауыттарын (МӨЗ) модернизациядан өткізгіміз келеді. Яғни өндірісті қажетті дизель отынымен қамтамасыз ету керек. Премьер-министр бұл бағытта алдын ала техникалық-экономикалық негіздеме даярлауды тапсырды. Қазір Шымкенттегі МӨЗ-де осы модернизация жұмыстары аяқталса, Қазақстандағы АИ-92, АИ-95, дизель отыны, әуе керосиніне деген қажеттілік толығымен жабылады”, – дейді Сәтқалиев.

Қазақстандықтардан дизель отыны жетпей жатқаны жөнінде шағым қаншалықты түсіп жатқанын министрден сұрағанымызда Сәтқалиев «жағдайға уақтылы реакция білдіруге тырысамыз» деп жауап берді. Айтуынша, осы жолы дизель отынының бағасы көтерілгеннен кейін бірден қадағалаушы органдар шекараға жақын өңірлердегі сұранысқа назар аударған.

«Объективті тұрғыдан қарағанда, мәселені реттеудің жолы – көрші елдермен бағаны теңестіру. Яғни коммерциялық қызығушылық (шетелден келетіндердің) болмаса, онда олар сатып та алмайды. Демек бағаны көтеру ғана амал», - дейді ол.

Сәтқалиев дизель отынының тағы көтеру бір жылдан кейін талқыланатынын, тиісті мемлекеттік органдар оған назар аударып отырғанын мәлім етті.