×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Еуразиялық экономикалық комиссия Қазақстандағы инфляцияны төмендету жолдарын ұсынды

27.06.2023, 16:31
Коллаж: Ulysmedia.kz

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Қазақстанда инфляцияны төмендету бойынша бірқатар ұсыныстар берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Атап айтқанда, Қазақстанға Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) ресми сайтында ұсынымдар жарияланған күннен бастап экономикалық саясатты жүргізу кезінде инфляция деңгейін (тұтыну бағаларының индексі)төмендетуге бағытталған шаралар бойынша ЕЭК-тің мынадай ұсыныстарын ескеру ұсынылды:

- азық-түлік тауарлары бағасының мониторингі жүйесін жетілдіру;

- әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуін тежеу үшін сауда және логистикалық инфрақұрылымды дамыту;

- кәсіпорындарда энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру тетіктерін енгізу бойынша жұмысты жалғастыру;

- ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу жөніндегі қуаттарды кеңейту арқылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының ішкі өндірісін ұлғайту;

- сауда-тарату желілері жұмысының транспаренттілігін арттыру арқылы ішкі азық-түлік нарығында бәсекелестікті дамыту;

- ауыл шаруашылығы өндірушілерінің хабардарлығын арттыру үшін агроөнеркәсіптік тауарлардың цифрлық электрондық платформасын дамыту;

- салада еңбек өнімділігін арттыруға ықпал ететін заманауи технологияларды енгізетін агроөнеркәсіптік сектор кәсіпорындарын ынталандыру;

- өңірлік тұрақтандыру қорларының жұмыс істеу тетіктерін жетілдіру;

-ақпараттық ашықтықты арттыру арқылы инфляциялық күтулерді төмендету және ақша-кредит саясатына сенімділікті арттыру;

- трансмиссиялық тетікті одан әрі жетілдіру жолымен ақша-кредит саясаты шараларының баға тұрақтылығына әсерін күшейту;

- валюта бағамының күрт ауытқуын тегістеу үшін ұлттық валютаның жоғары құбылмалылығы кезеңінде валюта нарығында операциялар жүргізуді жалғастыру;

– ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өзара есеп айырысуындағы ұлттық валюталардың үлесін ұлғайту.

Айта кетейік, 19 сәуірде Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Тоқаев елімізде инфляция соңғы 15 жылда болмаған деңгейге жеткенін айтып, үкімет мүшелерінің бағаны ұстап тұруға бағытталған қадамдарынан еш нәтиже жоғын мәлімдеді.

“Жұрттың ай сайын жұмсайтын қаржысының тең жартысынан көбі азық-түлік алуға кетеді. Үкіметтің әрекеті жеткіліксіз болып отыр. Тыйым салу және шектеу шаралары уақытша ғана әсер етеді. Мұндай қадамдар қиындықтың бетін қайтарса да, одан біржола құтылуға мүмкіндік бермейді, тіпті, мәселені ушықтырады деуге болады”, – деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, жуырда Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев халықтың орташа табысы мен қымбатшылық жайлы ресми статистика шындыққа сай келмейтінін айтты.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бір жыл ішінде 9,6% өскен.

Серіктес жаңалықтары