×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

Еліміздің үздік спортшысы анықталды

08.10.2021, 14:35
фото: ҰОК

Милад Карими қыркүйек айының үздік спортшысы атанды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ресми сайтында айдың үздік спортшысын анықтауға арналған дауыс беру рәсімі аяқталды, дейді ҰОК.

Дауыс беру қорытындысы бойынша, қыркүйек айының үздік спортшысы атағын спорттық гимнастикадан Қазақстан командасының өкілі Милад Карими жеңіп алды. 

Дауыс беру рәсіміне бес үміткер қатысты. Олар – Милад Карими (спорттық гимнастика), Дарын Қонысбаев (триатлон), гандболдан Қазақстан әйелдер командасы, нысана көздеуден және регбиден 18 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар командасы қатысты. 

8 қазан күні сағат 12:00-де дауыс беру аяқталды. Осы аралықта Милад Карими жеңіске жеткен. Гимнаст 73,19 дауыс жинады. 

Одан кейін регбиден Қазақстан қыздар командасы орналасса, үздік үштікті нысана көздеуден Қазақстан командасы иеленді.

Серіктес жаңалықтары