×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Мемлекеттік білім беру гранттарының тізімі жарияланды

27.06.2023, 17:12
фото: ашық дереккөзден

Жоғары білім берудің барлық деңгейлері бойынша 2023 - 2024 оқу жылына арналған білім гранттарын бөлу тізімі жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, биыл жоғары оқу орындарында оқу үшін 88 мың грант бөлінген: бакалавриатқа – 73 мыңға жуық; магистратураға – 13 мыңнан астам, докторантураға – 1800-ден астам.

Сондай-ақ «Серпін» бағдарламасы арқылы түсушілерге 3 653 грант бөлінген. «Серпін» жобасы арқылы 4 бағыт бойынша білім алуға болады: педагогика ғылымдары, инженерлік-техникалық, ақпараттық технологиялар, ауы лшаруашылығы. Бағдарламаға оңтүстік өңірдегі ауыл жастары қатысады. Айта кетсек, оқу бітіргесін грант өтеу мерзімі 3 жылдан 2 жылға қысқартылды. Сондай-ақ бұрын мамандар өзі оқыған аймақта ғана грантты жұмыспен өтейтін болса, енді 11 аймақта қызмет ете алады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық гранттың 60% техникалық мамандықтарға бөлінді. Сонымен қатар биыл халық тығыз қоныстанған батыс және жаңадан құрылған өңірлердің жастары үшін гранттар бөлінді. Талапкерлер берілген ақпарат негізінде дұрыс таңдау жасайды деп сенемін», - деп атап өтті Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

2023-2024 оқу жылына арналған білім беру гранттарын бөлудің толық тізімімен келесі сілтемелер бойынша танысуға болады:

Баклавриат http://www.testcenter.kz/press-tsentr/novosti/detail.php...

Магистратура http://www.testcenter.kz/press-tsentr/novosti/detail.php...

Докторантура http://www.testcenter.kz/press-tsentr/novosti/detail.php...

Серіктес жаңалықтары