×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Солтүстік Қазақстан облысын газдандырудың мерзімі белгілі болды

28.06.2023, 14:51
Ашық дереккөз

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қазір Солтүстік Қазақстан облысын газдандырудың бірнеше нұсқасы қарастырылып жатқанын айтты. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

«Біз 2028-2029 жылдарға дейін қазақстандық көздерден газ жеткізе алмаймыз. Өйткені газ өңдеу зауыттары мен газ тасымалдау инфрақұрылымын салу қажет. Егер Ресей Федерациясынан газ жеткізу сценарийі туралы айтатын болсақ, онда осы жазда ресейлік әріптестер алдын ала техникалық-экономикалық негіздемелерді аяқтайды. Біз жұртшылықпен, үкіметпен талқылауға шығамыз», - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Бұған дейін шенеуніктер Солтүстік Қазақстан облысын 2021-2023 жылдары газдандыруға уәде бергенімен, мерзімі кешіктірілді.

Еске салайық, бүгін Сәтқалиев Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесуінде ЖЭО-2 жөндеу жұмыстары туралы да айтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары