Оқиға бүгін сағат 06.04 шамасында болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
««Chevrolet Malibu» көлігі Сығанақ көшесімен Ш.Қалдаяқов көшесіне қарай келе жатып, «Арыс» көпірінде рульге ие бола алмай қалды. Салдарынан бетон бағанға соғылды. 43 жастағы жүргізуші алған дене жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды», - делінген ПД мәліметінде.
Еске салайық, жуырда Астана әкімі созбаққа салынған LRT жобасы қашан аяқталатынын айтқан.