×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Заңсыз иемделген активтер туралы заң: Рысқалиев, Әбіләзов пен Храпунов қудалана ма

29.06.2023, 13:08
Коллаж: Ulysmedia.kz

Бұл сұраққа Сенат кулуарында Бас прокурордың орынбасары Ұлан Байжанов жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл заң жобасы сырттай сот үкімі шыққан Бергей Рысқалиев, Мұхтар Әбіләзов, Әкежан Қажыгелдин, Виктор Храпунов секілді адамдарға қатысы бар ма?» деген сұраққа Бас прокурордың орынбасары «міндетті түрде» жауап берді.

«Олардың бәрі Қазақстанның азаматтары. Сіз айтқан адамдарға қатысты сот үкімі болғаннан кейін міндетті түрде орындалуы керек қой. Сот үкімі шықпаған, сыртта жүргендерге пайдаланылады», - дейді Ұлан Байжанов.

Айта кетейік, Сенат депутаттары бүгін "Заңсыз иемделген активтерді мемлекетке қайтару туралы" заңды мақұлдады. Заңның негізгі мақсаты - Қазақстан аумағында да, одан тыс жерлерде де заңсыз иемденілген активтерді қайтару үшін заңнамалық параметрлерді айқындау, сондай-ақ оларды заңсыз иемденуге және шығаруға ықпал еткен жағдайларды жою.

Бұдан бұрын депутат Абзал Құспан елге қаншама миллиардтар қайтарылғаны туралы айтылғанымен, осы күнге дейін бірде-бір фамилияның аталмауына қатысты пікір білдірген.

Серіктес жаңалықтары