×
448.56
478.03
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.56
478.03
4.79

Судан тарыққан Астана: әкімдік мәселе шешілуге таяғанын мәлімдеді

29.06.2023, 14:42
Коллаж: Ulysmedia.kz

Астана әкімдігі жаңа ауыз су станциясының (ССС-3) бірінші кезеңі іске қосылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әкімдіктің хабарлауынша, бұл қалаға тәулігіне 35 мың текше метр су беруге мүмкіндік береді, осылайша қаладағы су тапшылығы мәселесі толығымен шешіледі.

“Станцияның құрылыс-монтаждау жұмысы аяқталып, гидро сынақтар жүргізілді. Іске қосу-баптау жұмысы аяқталып, су дайындау жүйесіне тестілеу жүргізіліп жатыр. Тамыз айында ССС-3 екінші кезеңін бастау жоспарланып отыр, бұл бірінші кезеңімен бірге есептегенде тәулігіне 100 мың текше метрден астам су береді. Осыған дейін қалада су құбырының құрылысы аяқталып, іске қосылған, бұл судың қысымын арттыруға және жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді”, – делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, қала әкімдігі Нұра жерасты су кен орнынан су құбырын жобалау және Телман елді мекеніндегі сорғы-сүзгі қуатын кеңейту жұмыстары аяқталатынын мәлімдеді. Бұл жобалар келешекте Астананы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша қосымша қуат береді.

Сондай-ақ, қаланы жылумен жабдықтаудың қосымша көлемімен қамтамасыз ету үшін екі газ жылу станциясының («Тұран», «Оңтүстік-Шығыс») құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ, ЖЭО-3-те жұмыс жүргізілуде, оның құрылысы кешіктірілді. Бұл нысандарды жаңа жылыту маусымына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Еске салайық, Астана тұрғындары бірнеше айдан бері судан тарығып отыр. Жуырда судың жоқтығына нарызылық білдірген тұрғындар көшелердің бірін жауып тастаған еді.

Тұрғындар наразылығынан кейін Тоқаев қала әкіміне қысқа мерзімде тек сумен қамтамасыз ету саласында ғана емес, сонымен қатар қаланың маңызды басқа да жүйелерінде дағдарыс жағдайын түбегейлі болдырмау үшін жүйелі және жедел шаралар қабылдауды тапсырған.

Серіктес жаңалықтары