×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Соғыс басталғанына 500 күн: Қазақстан әкімдіктері Украинаны қолдау акцияларына рұқсат бергісі жоқ

29.06.2023, 15:12
Ulysmedia.kz

Қоғам белсенділерінің мониторингтік тобы кем дегенде үш қаланың әкімдіктері белсенділерге Украинаны қолдау үшін митингтер өткізуге рұқсат бермей отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Белсенділер бейбіт жиналыстарды 2 шілдеде – Украинада соғыс басталуының 500 күндігіне орай өткізбек.

Мәселен, Петропавл, Көкшетау және Орал қалаларында қоғам қайраткерлері рұқсат ала алмаған.

Петропавл әкімдігі белгіленген уақытта аталған жерде "Аға ұрпаққа арналған ретро дискотека" өтетіндігін алға тартыпты.

Ал Көкшетауда басқа да келісілген іс-шаралар өтетіні айтылған.

Орал әкімдігі іс-шара туралы ақпарат толық еместігін сылтауратқан.

Айта кетерлігі, Украинада соғыс басталғаннан бері бұл қалалардағы белсенділердің 80-нен астам өтініші қанағаттандырылмаған.

2020 жылғы 30 шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін құқық қорғаушылар бүкіл Қазақстан бойынша бейбіт наразылықтар, шерулер мен жеке пикеттер өткізуге кемінде 481 бас тартуды тіркеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 24 ақпанынан бастап Украина аумағында Ресей президенті Владимир Путиннің жарлығымен Ресей бастаған соғыс жүріп жатыр. 1,5 жылға жуық соғыс кезінде Украинада ондаған мың бейбіт тұрғын қаза тапты, миллиондаған адамдар үйлерінен кетуге мәжбүр болды.

Серіктес жаңалықтары